Пищевые добавки  

   

Средства гигиены полости рта  

   

Кормовые добавки для животных и птиц  

   

Биологически активные вещества для море - и аквакультур  

   

БАВ для силосования зеленых кормов, консервации сенажа и плющенного зерна  

   

Лосьон косметический для волос и кожи головы  

   

Печатные рекламные материалы  

   

БЕКІТЕМІН
«Исследовательский центр»
ҒӨФ ЖШҚ директоры  
_________А.И. Леляк
22 наурыз 2012 жыл

Ветом 3 биологиялық белсенді қоспасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Құрамы
ББҚ 1 мөлшерінің құрамында (1 капсула): жүгері сығындысы – 133 мг, картоп крахмалы – 100 мг, сахароза (қант опа-ұнтағы) – 67 мг, пробиотикалық микроорганизмдер - Bacillus amyloliquefaciens ВКПМ В-10642 (DSM 24614) штаммы 1х109 КОЕ/г – 30 мг.
ББҚ 1 мөлшерінің құрамында (5 грамм): жүгері сығындысы – 2000 мг, картоп крахмалы – 1500 мг, сахароза (қант опа-ұнтағы) – 1000 мг, пробиотикалық микроорганизмдер - Bacillus amyloliquefaciens ВКПМ В-10642 (DSM 24614) штаммы 1х108 КОЕ/г – 500 мг.


Қолдану аясы
Ветом 3 биологиялық белсенді қоспасы пробиотикалық микроорганизмдердің қосымша көзі ретінде қолданылады. Сауықтыру әсері Bacillus amyloliquefaciens бактерияларының қасиеттерімен қамтамасыз етіледі, олар, көпшілігінде, ішектің жуан бөлігінде көбейе отырып, патогендік және шартты патогендік микрофлораның өсуі мен дамуын басатын протеолитикалық, амилолитикалық, целлюлозолитикалық ферменттер бөледі. Бұл үрдістің салдарынан микробтар құрамы ішекте эволюциялық қалыптасқан сәйкес деңгейге реттеледі, оның қабырғасы қорытылмай қалған тағам қалдықтарынан тазартылады, бұл организмнен уыттардың белсенді шығарылуына, биологиялық белсенді және қоректік заттектердің кедергісіз жеткізілуіне ықпал етеді. Ветом 3 әсер етуімен реттелетіндер: тағамның биологиялық белсенді бөліктерінің асқазан-ішек жолдарындағы сіңірілуі мен метаболизмі. Ветом 3 қолдану адам организмінің саулығын сақтауға көмектеседі.

Көрсетімдері
Ветом 3 келесі жағдайларда ұсынылады: дисбактериоздарда, оның ішінде, антибиотиктер мен химиялық емдеу препараттарын қабылдауға тәуелді түрлерінде; диареяда; диспепсияда, ішектің тітіркенуі синдромында, тері аллергияларында; штаммның антагонистік белсенділігін ескерумен жұқпалы аурулар кезінде қосалқы препарат ретінде (сальмонеллез, колибактериоз, стафилококк жұқпасы, т.б.).
 
Қолдану тәсілі
ББҚ алдын алу мақсатында 10 күн ішінде, күніне (2-3) мөлшерден, тағамға қосып немесе тағамнан кейін, соңынан су, шырын немесе шәйдің аз көлемін ішумен қабылдау қажет. Аурулар кезінде (дисбактериоз, ЖРВЖ) ББҚ қабылдау ретін күніне (7-10) мөлшерге дейін көбейтіп, 10 күн бойы, тағамға қосып немесе тағамнан кейін, соңынан су, шырын немесе шәйдің аз көлемін ішумен қабылдау қажет. ББҚ қолданар алдында су, шырын немесе шәйдің аз көлемімен араластыруға болады.

Қарсы көрсетімдері
Препараттың құрамбөліктерін жеке көтере алмау жағдайында қолдануға болмайды.

Ерекше нұсқаулар
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде кезінде дәрігердің кеңесінен кейін қолдануға болады.
ББҚ автокөлік жүргізуге немесе қауіпті қарымды механизмдерді меңгеру қабілетіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі:
Блистерінде салмағы 0,33 г 10  капсула, картон қорапшасында 5 блистер мен қолдану жөніндегі нұсқаулық салынған.
Салмағы 500 г полимер материалдан жасалған банке және қолдану жөніндегі нұсқаулық.
Салмағы 5 г ламинацияланған қағаздан жасалған пакет, картон қорапшасында 50 пакет  пен қолдану жөніндегі нұсқаулық салынған.

Сақтау шарттары
Ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 75 %-дан аспайтын және температурасы 30 °С-тан аспайтын жерде сақтау қажет.
Жарамдылық мерзімі – дайындалған күнінен бастап 2 жыл.
Дәрінің қатарына жатпайды. Балалардан қорғау қажет.
Жарамдылық мерзімі өткен соң қолдануға болмайды.

Таратылу шарттары
Рецептісіз босатылады.

Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі
Ветом 3 дәрілік препараттардың тиімділігін арттырады және олардың адам организміне теріс жанама әсерін төмендетеді. 
Ветом 3 антибиотиктермен және пробиотикалық негіздегі басқа препараттармен бірге қолдануға болмайды.
Ветом 3 және антибиотиктерді оларды енгізудің әр түрлі жолдарымен қатар қолдануға болады. Мысалы: антибиотик – инъекция түрінде, ал Ветом 3 – пероральдық түрде.

Ескерту
Ветом 1.1, Ветом 2, Ветом 3, Ветом 4 препараттары бірдей әрекет етеді. Әрекет етуші заттегісі – түрлі микроорганизмдер, олар ішектің түрлі бөліктерінде белсенділік көрсетіп, қоршаған ортаға биологиялық белсенді заттектердің түрлі спектрін бөліп шығарады. Осыған байланысты адам ағзасына қорытынды әрекеті де әртүрлі болады. Оң әрекеті мен әсерін арттыру үшін барлық Ветомдарды кезекпен қолданып, оңтайлысын таңдап алу қажет.

Өндіруші: «Исследовательский центр» ҒӨФ ЖШҚ.
Өндіріс орны: Ресей, 630559, Новосібір облысы, Новосібір ауданы, Кольцово ж.п., өнеркәсіп аймағы, 200 корпус. Телефон/факс: +7 (383) 325-30-07. E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Сайт: www.vetom.ru.

ҚР аумағында өнімнің (тауардың) сапасы бойынша тұтынушылардың шағым-талаптарын қабылдайтын ұйымның мекен-жайы: «INKAR» ЖШС, Алматы қ., Мәметова көшесі, № 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 278-09-05. E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Сайт: www.inkar.kz.

   

Социальные сети  

vk 32  ok 32  instagram 32

   

Наши лицензии  

Лицензия
ООО НПФ "ИЦ"

Сертификат GMP
вет.
продуция

Лицензия
ООО
ТД "ИЦ-23"

license npf 1 40 gmp npf vet  license ic 23 1 40

Сертификат GMP
(БАД,
БАВ)

Сертификат GMP
(косм.
продукция)
 
Issled 100  cert ISO22716 s   
Сертификат Халяль
ООО НПФ "ИЦ"
Сертификат Халяль
ООО НПФ "ИЦ-17"
 

 

halal ic 100  halal ic 17 100  
Сертификaт Халяль 
ООО НПФ "ИЦ-17" (араб. яз.)
   
halal arab sert s    
   

Отчеты и акты производственных испытаний ветеринарных препаратов  

   

Презентации  

   

Внимание!
В связи с тем, что на сайтах некоторых компаний, продающих нашу продукцию, размещено много информации, уровень достоверности которой не всегда корректен или не соответствует действительности, официально заявляем:
ООО НПФ "Исследовательский центр" не несет ответственность за любую информацию, размещенную на сторонних сайтах, в том числе со ссылками на наш сайт https://vetom.ru

   
© НПФ «Исследовательский центр»
free counters